• Біздің парақшалар:

"Ұлжан" сериалы көрсетілуде

Қыркүйектің 16-нан бастап, "Қазақстан" ұлттық арнасы көрермендерге "Ұлжан" атты жаңа телесериал ұсынады.

Картинада қазақ қоғамының бір кезеңі қарапайым отбасының өмірі арқылы суреттеледі.

Ұлжан – тәуелсіздік жылдары мойнына үлкен жүк артқан, кейіннен үлкен жетістіктерге жетіп, нағыз дәулетті кәсіпкерге айналған қазақтың келіншегі. Өмірдің ащысы мен тұщысын қатар алып жүріп, балаларын тәрбиелеген, туған-туыстың арасындағы беделін де ойлаған ананың бейнесі.

Сценарий авторы – кинодраматург, Кинемотографистер одағы конфедерациясының мүшесі, Евразиялық телеакадемияның академигі – Лейла Ақынжанова.

Телехикаяның режиссері – "Кино молодых" атты қазақстандық екінші кинофетиваль жүлдесінің лауреаты Серік Өтепбергенов. Ол  "Жас Ұлан" (2010), "Болашақ" (2011), "Айналайын" (2011) атты картиналарымен белгілі.

"Ұлжан" телехикасында басты рөлдерді Таңсұлу Баталова, Сырым Қашқабаев сомдайды. сериалдың саунтрегі ретінде ші Алтынай Жорабаеваның орындауындағы "Асыл Сезім" әні қолданылады.

Сериал Қазақстанда, сондай-ақ, Түркияда да түсірілген.

Телехикая дүйсенбі-бейсенбі аралығында 21.50-де көрсетіледі.

 

"Ұлжан" сериалының телеролигі:

 

Дереккөз: "Қазақстан" арнасы

Пікірлер

    • Moore
    • |
    • 2 ақпан 2017 02.02.2017
    • |
    • 05:58

    Как назвать котенка? Нашла здесь leopard names http://allcatsnames.com/asian-leopard-cat-names полный список имен для котов.