• Біздің парақшалар:

"Көке" фильмі Қазанда номинация жеңімпазы болды

Татарстан астанасында IX Қазан халықаралық мұсылман киносының фестивалі өтті. Кинофорумның жүлделері үшін барлығы 50 фильм таласты. Олардың ішінде 20-сы ойын фильмі (10 толықметраж, 10 қысқаметраж), 20 деректі және 10 анимациялық картина бар.

Қазақстан атынан қатысқан Айнұр Исмаилованың "Көке" туындысы "Үздік ойын қысқаметражды фильмі" номинациясында жеңіске жетті.

IX Қазан халықаралық мұсылман киносының фестивалі 2013 жылғы 5-11 қыркүйек аралығында өтті.

 

Дереккөз: kazan-mfmk.com

Пікірлер