Ноланның фильмінде Мэтт Дэймон ойнайды
Кристофер Нолан түсіргелі жатқан "Интерстеллар" ("Interstellar") ғылыми-фантастикалық жобасының актерлік құрамына Мэтт Дэймон қосылды. Оған қандай рөл берілгені белгісіз, бірақ оның фильмдегі үлесі шамалы болады деп айтылуда.
Осыған дейін фильмде Мэттью МакКонахи (басты рөл), Энн Хэтэуэй, Джессика Честейн, Майкл Кейн, Тофер Грейс, Уэс Бентли, МакКензи Фой, Кейси Аффлек, Дэвид Ойелоуо секілді актерлердің ойнайтыны белгілі болған еді.
"Интерстеллар" фильмінде астроном Кип Торнның дәлелденбеген теориялары негізге алынады. Сюжетте аталған ғалымдардың уақыт кеңістігі мен гравитацияға қатысты теорияларын іс жүзінде қолданбақ болған зерттеушілер туралы баяндалады.
Премьерасы 2014 жылдың 7 қарашасына жоспарланып отыр.
Дереккөз: lenta.ru; kinonews.ru
Фотосуреттер: flickr.com; Сreative Сommons лицензиясы
Пікірлер