Вин Дизель "Галактика сақшыларына" түседі
Осыған дейін Вин Дизель "Marvel" жобаларының біріне түсуі мүмкін деп айтылған еді. Осы ақпарат расталған тәрізді.
Жақында актердің "Галактика сақшылары" ("Guardians of the Galaxy") фильміне қатысатыны белгілі болды. Оған Грут есімді өзге ғаламшарлық кейіпкерді сомдау жүктеліпті. Кейіпкердің түрі адамға ұқсамағандықтан, ол компьютерлік графика арқылы көрініс табады. Ал, Дизельдің өзі бұл образды студияда жасауға (motion capture технологиясы арқылы) және дыбыстауға қатысады.
Джеймс Ганн экранға шығаратын жобаға Брэдли Купер, Зои Салдана, Карен Гиллан, Крис Прэтт, Ли Пейс, Бенисио Дель Торо, Дэйв Батиста түсетіні белгілі. "Галактика сақшыларының" премьерасы 2014 жылғы 31 шілдеге жоспарланған.
Дереккөз: kinonews.ru
Фотосурет: flickr.com; Creative Commons лицензиясы
Пікірлер