• Біздің парақшалар:

"Қазақфильм" Томирис туралы кино түсіреді

Ақан Сатаев пен Ермек Аманшаев / фото: okinownik; yvision.kz

"Қазақфильм" АҚ президенті Ермек Аманшаев алдағы уақытта жүзеге асатын кино жобаларымен бөлісті.

Атап айтқанда, "Қазақфильм" киностудиясы Голливуд продюсерлерімен бірлесіп, сақтарды билеген Тұмар (Томирис) ханша туралы фильм түсірмек. 

"Голливуд продюсерлерімен бірлескен жоба - "Томирис" фильмі бар. Сондай-ақ, Рүстем Әбдірашевпен бірге "Мағжан Жұмабаев" фильмін түсіруді жоспарлап отырмыз", - деді "Қазақфильм" басшысы.

Ал Ұлы Отан соғысының жеңіс күніне орай Ақан Сатаевтың "Анаға сапар" ("Дорога к матери") картинасының премьерасы жоспарланған.

 

Дереккөз: newskaz.ru

Пікірлер

    • Нура
    • |
    • 26 қазан 2013 26.10.2013
    • |
    • 10:49

    Томиристің рөлін кім сомдайды екен?

  • Марқұм Таласбек Әсемқұловтың сценарийіғой, "Тұмар падиша" тамаша еді, дұрыс түсірсе екен!