• Біздің парақшалар:

"А"-ға оралу" фильмінің DVD нұсқасы шықты

3D форматпен экранға шыққан Қазақстанның алғашқы кинокартинасы - "А"-ға оралу" әскери драмасы DVD басылыммен жарық көрді. 

Егор Кончаловский түсірген фильмнің премьерасы 2011 жылы 19 қыркүйекте 7-ші "Еуразия" халықаралық кинофестивалінің ашылуында өткен еді. Сюжетте деректі фильмін түсіру үшін Алматыдан Ауғанстанға жол тартқан Ресей және Қазақстанның телевизия қызметкерлері туралы баяндалады. Бұрынғы жауынгер-интернационалист, Ауғанстанда соғысып, сол жерде аяғынан айырылған Марат Аюмов оларды алып жүріп, қорғау үшін бірге барады. Жүргізушінің қателігінен топ басқа жерге барып, қарапайым жұмыс сапары қауіпті оқиғаға айналады.

DVD басылымда кинотуындының өзінен бөлек, "Фильм туралы фильм" бар. Лицензиялық дискті "Меломан" дүкендер желісінен сатып алуға болады.

 

Дереккөз: Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясының баспасөз қызметі.

Пікірлер