• Біздің парақшалар:

24-ші Бонд: режиссер мен премьера күні жарияланды

"Skyfall" фильмінің постері

EON Productions, Sony Pictures және Metro-Goldwyn-Mayer кинокомпаниялары "Бондиананың" 24-ші эпизодының премьера күнін жария етті. Әзірге атауы жоқ фильм Ұлыбританияда 2015 жылы 23 қазанда, ал Солтүстік Америкада 2015 жылы 6 қарашада экранға жол тартпақшы.

Агент 007-ні әдеттегідей Дэниэл Крэйг ойнайды. Ал режиссер ретінде 23-ші бөлімді түсірген Сэм Мендес міндетіне қайта оралыпты.

Еске сала кетелік, Сэм Мендес осыған дейін Бонд туралы фильмдер сериясының 24-ші бөлімін қоюдан бас тартқан болатын. Бірақ продюсерлер оны жобаға оралуға көндірген секілді.

Осы орайда айта кету керек, жоғарыда аталған режиссердің қолынан шыққан "Скайфолл" бүкіл "бондиана" франшизасындағы ең табысты фильм болды. 23-ші эпизод әлемдік прокаттан 1,1 миллиард доллардан астам пайда түсірді.

 

Дереккөз: kinonews.ru

Пікірлер