• Біздің парақшалар:

Анджелина Джолидің "Қайсар" фильмі 2014 жылы шығады

Джек О’Коннелл

Анджелина Джоли түсіргелі жатқан "Қайсар" ("Unbroken") фильмінде басты рөлде ойнайтын актердің есімі және картинаның жарыққа шығатын күні белгілі болды.

Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде жапондардың тұтқынында болып, небір қорлықтың түрін көрген Америка спортшысы - Луи Замперинидің (Louis Zamperini) рөлін британдық актер Джек О’Коннелл (Jack O'Connell) сомдамақ.

Өмірбаяндық драма үлкен экранға 2014 жылы 25 желтоқсанда шығады.

Еске сала кетелік, "Қайсар" фильмң - Лаура Хилленбрандтың "Unbroken: A World War II Story of Survival, Resilience, and Redemption" ("Қайсар: ІІ Дүниежүзілік соғыс кезіндегі аман қалу, қайраттану және құтқарылу хикаясы") деген шығармасының экранизациясы. Кітап өмірде болған оқиғаға негізделген. Шығарманың бас кейіпкері Луи Замперини (Louis Zamperini) - 1930 жылдардың соңында танымал болған олимпиада желаяғы. Ол 1941 жылдан бастап АҚШ әскерінің құрамында соғысқа қатысты. 1942 жылы Замперини мінген ұшақ мұхитқа құлап, жапон әскерлерінің қолына түседі. Тұтқында ол зорлық-зомбылық көріп, түрлі медициналық эксперименттердің объектісіне айналады.

Сценарийдің бастапқы нұсқасын Уильям Николсон мен Ричард ЛаГравенес жазып шыққан еді. Бірақ киностудия басшылығы сценариді жетілдіру үшін ағайынды Итан мен Джоэл Коэндерді шақырды.

 

Дерекккөз: film.ru

Фотосурет: flickr.com; Сreative Сommons лицензиясы

Пікірлер