• Біздің парақшалар:

"Үндестік сабағы" Словакияда Гран-при алды

Эмир Байғазин Берлинале-2013 кинофестивалінде / Фото авторы Paul Katzenberger

Эмир Байғазиннің "Уроки гармонии" ("Үндестік сабағы") фильмі Словакияның Тренчин қаласында өткен 21-ші Халықаралық киноөнер фестивалінің Гран-при жүлдесін және қала әкімінің арнайы сыйлығын алды.

Film Art Festival шарасы 2013 жылғы 21-26 маусым аралығында өткен еді. Эмир Байғазиннің картинасы фестивальдің "Үздік фильм" атағына ие болды. 

Еске сала кетелік, осы картина 63-ші Берлин кинофестивалінде үздік операторлық жұмыс үшін "Күміс аю" жүлдесін алған еді. Сондай-ақ Роберт Де Ниро ұйымдастыратын Американың Tribeca фестиваліне қатысып, үздік режиссерлік дебют үшін әділқазылардың арнайы дипломына ие болды. Сонымен қатар, Швейцарияның Базель қаласында өткен "Bildrausch Film Fest Basel" халықаралық кинофестивалінің басты сыйлығын алды және Америкада өткен Seattle International Film Festival кинофестивалінде бас жүлде - әділқазылардың "Үздік жаңа режиссер" Гран-приімен марапатталды.

 

Дереккөз: Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясының баспасөз қызметі

Фотосурет: flickr.com, Сreative Сommons лицензиясы

Пікірлер

    • tahir
    • |
    • 10 шілде 2013 10.07.2013
    • |
    • 19:35

    Qashan koremiz endi?