• Біздің парақшалар:

"Дүниежүзілік соғыс Z" фильмінің жалғасы шығады

"World War Z" фильмінің бейнесі

Paramount кинокомпаниясы "Дүниежүзілік соғыс Z" фильмін жалғасын түсіруге шешім қабылдады. Бұған бірінші картинаның әлемдік прокатта жақсы табыспен басталуы себеп болып отыр.

Марк Форстердің фантастикалық боевигі алғашқы аптада әлем бойынша 100 миллион доллардан астам пайда тапқан еді. 190 миллион долларлық бюджеті картина үшін бұл жаман бастама емес.

Негізі бұл жоба алғашында трилогия ретінде ойластырылған екен. Бірақ бірінші фильмді түсіру кезінде болған қиындықтар осы шешімді өзгертуге тура келді.

Басты рөлде Брэд Питт ойнаған "Дүниежүзілік соғыс Z" Қазақстан прокатына 27 маусымнан бастап шығады.

 

Дереккөз: lenta.ru; kinonews.ru

Пікірлер