• Біздің парақшалар:

Асылхан Төлепов "Сұңқар" деген сериалға түсуде

073a7b726b5e2985caebead3d6860285 "Сұңқар" сериалының түсірілімінен көрініс

Қазақстандық режиссер Жасұлан Пошанов бала мен аттың достығын суреттейтін "Сұңқар" көп сериялы фильмін түсіруде.

Сериалдағы оқиғада бала мен Сұңқар деген арғымақтың достығы туралы баяндалады. Бала ержете келе талай қиындықтарды бастан өткізіп, адамдар тарапынан жасалған сатқындықтың зардабын көреді. Бірақ адал жануары әрқашан жанынан табылады.

Біржан есімді басты кейіпкерді Асылхан Төлепов сомдайды. Картинаға сондай-ақ Ержан ЖарылқасыновБауыржан ҚаптағайАсхат Үрпеков секілді белгілі актерлер қатысуда.

Sataifilm кинокомпаниясы өндіріп жатқан көп сериялы фильм "Қазақстан" телеарнасынан күзде көрсетілмек.

 

Дереккөз және фотосурет: Tengrinews.kz

Пікірлер

    • |
    • 11 қараша 2013 11.11.2013
    • |
    • 14:59

    • |
    • 1 желтоқсан 2013 01.12.2013
    • |
    • 18:00