• Біздің парақшалар:

Пенелопа Крус Бондтың құрбысын сомдамақ

"Skyfall" фильмінің постері

Джеймс Бонд туралы франшизаның 24-ші эпизодына қатысты бірқатар деректер белгілі болды. Атап айтқанда, осыған дейін "Скайфоллды" түсірген Сэм Мендес "агент 007"-ге енді оралмаймын деп мәлімдеген болатын. Бірақ кейбір ақпарат көздері, режиссердің жобаға қайтып келетінін жазды.

Сондай-ақ, Бондтың кезекті сүйіктісін сомдауға Пенелопа Крус шақырту алыпты. Егер ол ұсынысты қабылдаса, агент 007-нің ең жасы үлкен құрбысы болады. Түсірілім 2014 жылы басталатынын ескерсек, актриса 40 жаста болады.

Жоғарыда аталған ақпарлар әзірге ресми расталған жоқ.

 

Дереккөздер: kinonews.ru; lenta.ru

Пікірлер