• Біздің парақшалар:

"Жалғыз рейнджер" фильмі қазақша дубляждалды

"The Lone Ranger" фильмінің бейнесі

Гор Вербинскидің "The Lone Ranger" ("Одинокий рейнджер") фильмін қазақ тіліне дубляждау жұмыстары аяқтала келді.

"Жалғыз рейнджер" деген атауға ие болған вестернді дыбыстауға отандық актер Берік Айтжанов қатысты. Ол картинада Джонни Депп сомдайтын Тонто есімді кейіпкерді дубляждаған. Оның дауысын Депптің өзі мақұлдаған екен. Ал Арми Хаммердің орындауындағы басты кейіпкер - рейнджер Джон Рейдті Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының актері - Бейбіт Қамаранов дыбыстады. Басқа да рөлдерді дыбыстауға театр әртістері - Төлебек Аралбаев, Балтабай Сейтмамытов қатысты.

Дубляж Алматыда Cinema Tone Production студиясында жүргізілді. Режиссері - Айжан Жамшитова. Қазақша аударманы жасауға "Болашақ" қауымдастығы және MARWIN компаниясы атсалысты.

Қызық оқиғалы вестернде Джон Рейд (Арми Хаммер) есімді әділет сүйгіш қаһарман туралы баяндалады. Ол үндіс Тонтоның (Джонни Депп) көмегімен қылмыскерлер мен жемқорларға қарсы күреседі.

"Жалғыз рейнджер" Қазақстан прокатына 2013 жылы 4 шілдеде шығады.

Қазақша трейлер:

Дереккөз: Tengrinews.kz

Пікірлер

• wh0cd164660 diclofenac avana zestoretic clonidine crestor