• Біздің парақшалар:

"Бастау" фильмі Гонконг пен Дубайға шақырту алды

"Бастау" фильмінен кадр / brod.kz

Қазақстандық Шарипа Оразбаеваның "Бастау" ("Источник") қысқаметражды фильмі фестивальдік өмірін жалғастыруда. Картина Гонконг пен Дубайдың кинофестиваліне шақырту алыпты.

Жақында "Бастау" 66-шы Канн фестивалінің "Қысқа метр бұрышы" бағдарламасы аясында көрсетілген еді. Осы көрсетілімнен кейін басқа да кинофорумдарға қатысуға мүмкіндік ашылған. Сондай-ақ, отандық қысқаметрге Eurochanel телеарнасы қызығушылық танытыпты.

Режиссер Шарипа Оразбаеваbrod.kz

"Бастау" - Сизиф туралы көне грек мифін негізге ала отырып түсірілген картина. Басты кейіпкер шөлдегі тіршілігі жоқ даланы суару үшін велосипедпен алыс жолды бағындыруы керек.

Фильмде басты рөлді Ерболат Тоғызақов сомдаған. Қысқаметражды жобаның режиссері Шарипа Оразбаева және продюсері Мадияр Қасымов - Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының режиссерлік курс түлектері.

 

Дереккөз: Tengrinews.kz

Пікірлер