• Біздің парақшалар:

"Лепрекон" фильмінің ремейкі шығады

"Leprechaun" фильмінің (1993) бейнесі

Lionsgate кинокомпаниясы "Лепрекон" ("Leprechaun") фильмінің жаңа нұсқасын шығармақ. Фильмді Зэк Липовски түсіреді.

"Лепрекон: Басталуы" ("Leprechaun: Origins") деп аталатын ремейкте басты кейіпкерді Американың танымал рестлері - Хорнсвоггл (Дилан Постл) сомдамақ. Фильм түпнұсқаға қарағанда қорқыныштылау, "хоррор" жанрына жақын болады деп жоспарлануда. Ескі нұсқа үрейлі жанрдан гөрі, қара юморымен ерекшеленгені белгілі.

Еске сала кетелік, Уорвик Дэвистің орындауындағы алғашқы "Лепрекон" 1993 жылы жарық көрген болатын. Содан кейін оның 5 толықметражды жалғасы шықты.

 

Дереккөз: kinonews.ru

Пікірлер