• Біздің парақшалар:

"Assassin's Creed" фильмі 2015 жылы шығады

"Assassin's Creed" фильмінің әуесқой постері / сурет: kinopoisk.ru

2012 жылы "Assassin's Creed" компьютерлік ойыны негізінде фильм түсіріледі деп хабарланған еді. Жақында New Regency Pictures студиясы жобаның жарыққа шығатынын күнін жария етті.

Фильм 2015 жылы 22 мамырда прокатқа жол тартпақ. Картинада басты рөлді Майкл Фассбендер сомдайды деп айтылуда. Ол сондай-ақ жобаға продюсер болады.

Әзірге режиссердің кім болатыны белгісіз. 

Ubisoft басылымының Assassin's Creed ойыны 2007 жылдан бері бар. 2012 жылы күзде үшінші бөлімі шықты.

 

Дереккөз: kinonews.ru, lenta.ru

Пікірлер