• Біздің парақшалар:

Джессика Честейн мен Майкл Кейн - Ноланның жобасында

Джессика Честейн және Майкл Кейн

Кристофер Нолан түсіргелі жатқан "Interstellar" ғылыми-фантастикалық жобасына түсетін тағы бір актерлардың есімдері белгілі болды. Фильмге актриса Джессика Честейн мен британ актері Майкл Кейн шақырту алыпты.

Айта кетелік, Майкл Кейн Кристофер Ноланның соңғы 5 фильміне түсті. Жаңадан қосылған актерларға қандай рөлдер берілгені әзірге белгісіз. Осыған дейін фильмде Мэттью МакКонахи (басты рөл) мен Энн Хэтэуэй ойнайтыны белгілі болған еді.

"Интерстеллар" фильмінде ғалым астроном Кип Торнның дәлелденбеген теориялары негізге алынады. Сюжетте аталған ғалымдардың уақыт кеңістігі мен гравитацияға қатысты теорияларын іс жүзінде қолданбақ болған зерттеушілер туралы баяндалады.

Киножобаның сценариін режиссердің інісі - Джонатан Нолан жазған. Премьерасы 2014 жылдың 7 қарашасына жоспарланып отыр.

 

Дереккөз: lenta.ru; kinonews.ru

Фотосуреттер: flickr.com; Сreative Сommons лицензиясы

Пікірлер