• Біздің парақшалар:

"Монстрлар университеті" қазақша дубляждалуда

Disney/Pixar студиясының "Monsters University" ("Университет монстров") мультфильмін қазақ тіліне дубляждау жұмыстары аяқталып қалды. Кейіпкерлерді дыбыстау жұмысына кәсіби актерлармен қатар Алматы облысының  Бағанашыл кентіндегі №1 балалар үйінің тәрбиеленушілері де қатысқан.

"Monsters University" ("Университет монстров") - 2001 жылы жарық көрген "Құбыжықтар корпорациясы" мультфильмінің приквелі. Анимациялық фильмде басты кейіпкерлердің алғаш қалай кездескені, олардың қалай кәсіби бала қорқытушы болғандары туралы ертеректегі оқиға баяндалады. Осы құбыжықтардың университетке алғаш келгендегі жастау кездерін қазақ тіліне 10-11 жастағы үш бала мен екі қыз дубляждаған.

Мультфильмнің бас кейіпкері Саллиді - М. Әуезов атындағы қазақ академиялық драма театрының актері - Руслан Сенкебаев, Майк Вазовскиді - театр және кино актері Дулыға Ақмолда, декан Хардскрабблды - актриса Лидия Каден дыбыстаған.

Дубляж режиссері - Айжан Жамшитова, аударманы қазақ тіліне бейімдеген - жазушы-сценариші Тұрысбек Сәукетаев және Салтанат Дүнгенбаева. Туындының Қазақстан прокатындағы атауы - "Монстрлар университеті"Мультфильм Қазақстан кинотеатрларына 2013 жылы 20 маусымда шығады деп жоспарланған.

Дубляж "Болашақ" қауымдастығының және MARWIN компанияларының бастамасымен және "Алтын қыран", "Самұрық-Қазына" қорларының қолдауымен іске асуда.

 

Дереккөз: Tengrinews.kz

Пікірлер

  • жаксы мультфильм

    • |
    • 14 тамыз 2013 14.08.2013
    • |
    • 23:55