• Біздің парақшалар:

"Макбет" трагедиясы жаңаша экранға шығарылады

Роман Поланскидің "The Tragedy of Macbeth" (1971) фильмінің постері

Уильям Шекспирдің "Макбет" ("Macbeth") трагедиясы жаңаша экранға шығарылатын болды. Басты рөлдерде Майкл Фассбендер мен Натали Портман ойнайды.

Майкл Фассбендер шотланд королі болуды мақсат еткен лорд Макбетті сомдамақ. Натали Портман оның әйелі рөлін орындайды.

Жаңа нұсқаны Джастин Курзель түсірмек. Түсірілім 2013 жылдың соңына таман басталады деп жоспарлануда. "Макбеттің" қашан прокатқа шығатыны белгісіз.

Осыған дейін Шекспирдің аталған пьеасы он шақты рет экранға шығарылған.

 

Дереккөз: lenta.ru; kinonews.ru

Пікірлер