• Біздің парақшалар:

Стивен Кингтің "11/22/63" романынан сериал жасалады

Стивен Кингтің "11/22/63" кітабының мұқабасы

Джей Джей Абрамстың "Bad Robot" студиясы Стивен Кингтің "11/22/63" ғылыми-фантастикалық романын негізге алып, телевизиялық сериал түсірмек.

Шығармада өткен шаққа саяхат жасайтын 35 жасар оқытушы туралы баяндалады. Ол 1958 жылға өтіп, АҚШ президенті Джон Кеннеди өлімінің алдын алмақ болады.

Аталған роман 2011 жылы жарық көрді. Телесериалдың өндірісімен Bad Robot пен Warner Bros. компаниялары бірлесіп айналысады. 

Айта кетелік, осыған дейін аталған шығарманы толықметражды көркем фильм ретінде экранға шығару жоспарланған еді. Бірақ жоспар іске аспады.

 

Дереккөз: kinonews.ru

Фотосурет: wikipedia.org

Пікірлер