• Біздің парақшалар:

Шайа ЛаБаф "Fury" жобасына қосылды

Шайа ЛаБаф

Дэвид Эйр түсіргелі жатқан "Fury" соғыс драмасына Шайа ЛаБаф түсетін болды. Актерге танкистің рөлі ұсынылыпты.

Осыған дейін осы әскери фильмде Брэд Питт ойнайды деп хабарланған еді. Ол бес адамнан құралған танк экипажының командирін сомдауы тиіс.

Картинадағы оқиға 1945 жылы соғыс аяқталар шақта Еуропа майданында орын алады. Құрамында бес жауынгері бар "Fury" деп аталатын танк жаудың шебін бұзып шығуы керек.

Аталған соғыс драмасы 2013 жылы қыркүйектен бастап түсіріле бастайды. Премьерасы 2014 жылы қараша айына белгіленген. 

 

Дереккөз: lenta.ru; kinonews.ru

Фотосурет: flickr.com; Сreative Сommons лицензиясы

Пікірлер