• Біздің парақшалар:

"Тедтің" табысы жарты миллиардтан асты

"Тед" фильмінің әлемдегі табысы 500 миллион доллардан асты. Бұл жайында The Hollywood Reporter басылымы хабарлайды.

Сет МакФарлейннің алғашқы режиссерлік жұмысы R рейтингімен шыққан комедиялар ішіндегі ең табысты фильм атанды. Бұған дейін аталған рейтингтегі ең кассалы картина "Бас жазу" ("The Hangover") болған еді. 

Universal кинокомпаниясы фильмнің жалғасын түсіруге дайын екендіктерін мәлімдеді. Бірақ Сет МакФарлейн жуық арада босай қоймайтын тәрізді. Қазір ол "Оскар 2013" салтанатты шарасын жүргізуге дайындалуда. 

Еске сала кетелік, "Тед" фильмі отандық прокатқа жоспарланған мерзімнен бірнеше айға кешігіп, 15 қарашада шықты. 

Пікірлер