• Біздің парақшалар:

"Өкініш" фильмі Қазақстан прокатында көш бастады

17682aa2aaaed8dcba09ef1ed232a6e2

Қазақстанның поп-әншісі Қайрат Нұртастың өміріне арналған "Өкініш" фильмі өткен аптада Қазақстан прокатында көш бастады. 11 сәуірде отандық кинотеатрларға шыққан картина алғашқы уикендте 34 831 670 теңге табыс тапты, бұл 232 211 АҚШ долларына тең.

Фильм еліміз бойынша 46 көшірмемен шығарылды. Бұндай тираж отандық кино үшін рекорд болып есептеледі.

"Өкінішті" таныстыру кезінде оның бюджеті 500 мың АҚШ доллары шамасында екені хабарланған еді. Сол кезде Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова фильмнің жалғасы шығуы мүмкін екендігін айтты.

Айта кетелік, отандық фильмдердің арасынан Қазақстан прокатының рекордсмені әлі күнге дейін "Жаужүрек мың бала" болып есептеледі. Ол алғашқы аптасында 1 миллион доллар көлемінде табыс тапқан болатын.

 

Дереккөз: Меломан

Пікірлер