• Біздің парақшалар:

Энн Хэтэуэй Кристофер Ноланнан шақырту алды

Энн Хэтэуэй

Энн Хэтэуэй Кристофер Нолан түсіргелі жатқан "Interstellar" ғылыми-фантастикалық фильміне шақырту алды. Қазір актриса мен картина авторлары арасындағы келіссөздер аяқталуға жақын екен.

Энн Хэтэуэйге қандай рөл ұсынылғаны әзірге белгісіз. Осыған дейін жобада басты рөлге Мэттью МакКонахи бекітілген болатын.

"Интерстеллар" фильмінде ғалым Альберт Эйнштейннің және астроном Кип Торнның дәлелденбеген теориялары негізге алынады. Сюжетте аталған ғалымдардың уақыт кеңістігі мен гравитацияға қатысты теорияларын іс жүзінде қолданбақ болған зерттеушілер туралы баяндалады.

Киножобаның сценариін режиссердің інісі Джонатан Нолан жазған. 2006 жылдан бері бұл фильмді Стивен Спилберг түсіреді деп айтылып келген еді, бірақ былтыр ол жобадан бас тартты.

Фантастикалық туындының премьерасы 2014 жылдың 7 қарашасына жоспарланған.

Еске сала кетелік, Энн Хэтэуэй осыған дейін Кристофер Ноланның "Қара батырдың оралуы" фильміне түсті.

Пікірлер