• Біздің парақшалар:

"Өкініш" фильмінің жалғасы шығуы мүмкін

Алматыда әнші Қайрат Нұртастың "Өкініш" атты фильмінің жабық көрсетілімі өтті.

Қызыл жол арқылы туындының құрметіне келген шоу-бизнес өкілдері жүріп өтіп, фильм авторларына арналған өз лебіз-пікірлерін білдірді.

Баспасөз мәслихатында әншінің анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова фильмнің 70 пайызы дерлік шынайы оқиғалар негізінде түсірілгенін айтты.

"Әкесінің қалай ұрсатындығы, балам үшін жанымның қалай ауыратындығы - бәрі қаз-қалпында берілген", - деді ол.

Ол, сонымен қатар, фильмнің жалғасы шығуы мүмкін екендігін айтты.

Фильмді демеушісіз әнші өз қаржысына түсірген.

Драманың түсірілім жұмыстары 2012 жылы шілде-қараша айларында Алматыда, Астанада, Ақтауда және Қайрат Нұртас туып өскен Түркістанда түсірілген екен.

Туындыға Асанәлі Әшімов, Тұңғышбай Жаманқұлов, Сиви Махмуди, Жания Джуринская, Ренат Баситов секілді актерлар мен әншілер түскен.

Фильмнің бюджеті 500 мың АҚШ доллары шамасында.

"Өкініш" 11 сәуірден бастап ел кинотеарларында көрсетіле бастайды.

Пікірлер

  • көрем деп куткеніме канагат алгам жок.мактаныштан баска ештеме көргем жок!!Дыбысы өте нашар....