• Біздің парақшалар:

Брэд Питт танкист рөлін сомдайды

"Inglourious Basterds" фильмінің (2009) бейнесі

Екінші Дүниежүзілік соғысқа қатысқан Америка танкистері туралы фильм түсіріледі. Онда басты рөлдердің бірін Брэд Питт сомдамақ. "Fury" деген атауға ие болған соғыс драмасы 2013 жылы қыркүйектен бастап түсіріле бастайды.

Картинадағы оқиға 1945 жылы соғыс аяқталар шақта орын алады. Брэд Питт Еуропа майданында неміс әскерлерімен шайқасып жатқан "Fury" деп аталатын танк экипажының мүшесі рөлінде ойнайды. 

Режиссер Дэвид Эйр өзінің болашақ фильмінде әскери драма жанрына жаңаша бағыт бергісі келіп отыр. Ол картанада танктардың соғысы мен оның қатысушыларының эмоцияларын басты назарға алуды көздеп отыр.

Айта кетелік, Дэвид Эйрдің былтыр "Ақырғы сағат" ("End of Watch") жұмысы жақсы табыстарға қол жеткізген еді.

 

Дереккөз: lenta.ru; kinonews.ru

Пікірлер