• Біздің парақшалар:

"Тақтар ойынына" төртінші маусым түсіріледі

"Game of Thrones" сериалының постері

HBO телеарнасы "Тақтар ойыны" ("Game of Thrones") сериалының төртінші маусымы шығатынын ресми мәлім етті. 2014 жылы шығуы тиіс жалғасы 10 эпизодтан тұратын деп болжанып отыр.

Айта кетелік, бұл тележоба көрермендер арасында да, Интернет қолданушылары үшін де үлкен сұранысқа ие. 

Атап айтқанда, екінші маусымның соңғы эпизоды экран алдына 4,2 миллион көрермен жинап, телевизия әлемінде рекорд жасаған болатын. Сонымен қатар "Тақтар ойыны" 2012 жылдың ең көп жүктелген сериалы болды. Торрент-трекер қолданушылары аталған телесериалдың бір эпизодын 4,28 миллион рет жүктеп алған.

Үшінші маусымы да рекордсыз қалған жоқ. Бірінші сериясы экран алдына бір уақытта 4,4 миллион көрерменді жинай алды. Ал дәл осы үшінші маусымның алғашқы бөлімі Интернетте бір миллион реттен артық көшіріліп алынған. Осындай қарқын жалғаса берсе телесериал былтырғы қарақшылық рекордын жаңартуы ғажап емес.

Жақында "Тақтар ойынына" приквел жасалатыны туралы хабарланды.

Пікірлер