• Біздің парақшалар:

Алматыда "Басқа кино" фестивалі өтеді

2013 жылдың 18-30 сәуірі аралығында Алматыда "Басқа кино" ("Другое кино") фестивалі өтеді. Шара аясында көрермендерге соңғы уақыттағы авторлық кинематографтың жарқын жұмыстары ұсынылады.

12 күнге созылатын киномарафон Алматының Иллюзион Atrium кинотеатрында өтеді.

Кинофестиваль кезінде Джоэль Потрикустың "Ape" ("Обезьяна") фэнтези драмасы, Йос Стеллингтің "The Girl and Death" ("Девушка и Смерть") драмасы, Тео Ангелопулос, Джан Витторио Бальди, Марко Бечис секілді режиссерлердің еңбектер кірген "Mundo Invisível" ("Невидимый мир") киноальманахы, "A Liar's Autobiography: The Untrue Story of Monty Python's Graham Chapman" ("Автобиография лжеца: Правдивая история Грэма Чепмена") мультфильмі, Леоне Маркуччидің "The Power of Few" ("Власть убеждений") боевигі, Оливье Ассайастың "Après mai" ("Что-то в воздухе") драмасы, Пабло Берхердің "Ақшақар" ("Blancanieves") ертегі драмасы көрсетіледі.

 

Дереккөз: illusion.kz

Пікірлер