• Біздің парақшалар:

"Transcendence" жобасына Кейт Мара қосылды

Кейт Мара

Басты рөлге Джонни Депп түскелі жатқан "Transcendence" ("Артықшылық") фантастикалық жобасына актриса Кейт Мара қосылды. Оған қандай рөл берілгені әзірге айтылған жоқ. 

Айта кетелік, Кейт Мара - танымал актриса Руни Мараның әпкесі.

Фильмде саналы компьютер жасау туралы сөз болады. Депптің кейіпкері - Уилл есімді ғалым. Ол оқыс оқиғадан қайтыс болғаннан кейін, оның миындағы сана-сезімі компьютерге жүктеледі. Сөйтіп өздігінен адамша ойлап, шешім қабылдай алатын алғаш машина жасалады.

Фильмге сондай-ақ Ребекка Холлдың түсетіні белгілі. Актриса бас кейіпкердің әйелі рөлін орындайды. Тағы бір рөл британ актері Пол Беттаниға беріліпті.

Картинаны Уолли Фистер түсіреді. Бұл оның алғашқы режиссерлік жұмысы болмақ. Осыған дейін ол Кристофер Ноланның фильмдерінде қоюшы-оператор қызметін атқарып келген еді. Кристофер Ноланның өзі жобаға продюсерлік етеді.

"Артықшылық" фильмінің премьерасы 2014 жылдың сәуір айына жоспарланған.

 

Дереккөз: lenta.ru; kinonews.ru

Фотосурет: flickr.com; Сreative Сommons лицензиясы

Пікірлер