• Біздің парақшалар:

Б. Шүкенов музыкалық комедия шығарады

Батырхан Шүкеновтың орындауындағы "Так далеко, так близко" саундтрегінен көрініс / Youtube.com

Қазақстанда әнші Батырхан Шүкеновтың қатысуымен музыкалық комедия шыққалы жатыр. "Препод" ("Оқытушы") деп аталатын фильмнің өндірісімен Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы және VoxPictures продюсерлік компаниясы айналысқан.

Жастарға арналған ликирикалық картина 2013 жылғы 2 мамырда прокатқа шықпақ. Бұл жайында Tengrinews.kz хабарлайды. 

Батырхан Шүкеновтың орындауындағы "Так далеко, так близко" саундтрегінен көрініс / Youtube.com

Жоба продюсері - Сино Ализода. Сондай-ақ картинаға әнші, композитор Батырхан Шүкенов музыкалық продюсер ретінде атсалысып, эпизод рөлдердің бірін орындаған.

Сюжетте студент қызға сырттай ғашық болған жас жігіт туралы баяндалады. Ол қызбен танысу үшін қалыптан тыс батыл қадамға барады. Қыз оқитын оқу орнында ол өзін оқытушы деп таныстырып, өзгелерді алдауға тура келеді. 

Батырхан Шүкеновтың орындауындағы "Так далеко, так близко" саундтрегінен көрініс / Youtube.com

Басты рөлдерде "Орда" тобының әншісі Дастан Оразбеков пен жас актриса Айсұлу Әзімбаева. Фильмді литвалық және латвиялық режиссерлер Славомир Леонтьев пен Виктор Вилкс түсірді.

"Препод" фильміне саундтрек: Батырхан Шүкенов - "Так далеко, так близко":

Пікірлер