• Біздің парақшалар:

"Скайфолл" табысын 350 миллион долларға жеткізді

"Бондиананың" 23-ші фильмі - "Скайфолл" ("Skyfall") әлемдік прокаттан 350 миллион доллар табыс тапты. Бұндай көрсеткішке бір уикенд ішінде осыған дейін Бонд туралы картиналардың ешбірі жетіп көрмеген. Осылайша, "Скайфолл" өзіндік рекорд жасап отыр, деп хабарлайды Lenta.ru.

Фильм Солтүстік Америка прокатының өзінен алғашқы аптасында 90 миллион доллар шамасында пайда тауып отыр. Осы аптаның қорытындысы бойынша "бондиананың" жаңа туындысының кассалық түсімі 500 миллион долларға жетеді деп болжанып отыр.

Пікірлер