• Біздің парақшалар:

Сэм Мендес Бондтың 24-ші бөлімін түсірмейді

Сэм Мендес Бонд туралы фильмдер сериясының 24-ші бөлімін түсірмейтін болыпты. Режиссер бұл туралы Empire Online басылымына берген сұхбатында айтты.

"Майкл (Майкл Дж. Уилсон) мен Барбараның (Барбара Брокколи) Бонд туралы келесі фильмді түсіру ұсынысынан бас тарту - мен үшін қиын шешім болды. "Скайфолл" - мен үшін үлкен кәсіби тәжірибе. Бірақ менің театр алдында өз міндеттемелерім бар, соның ішінде "Чарли және шоколад фабрикасы", "Король Лир" қойылымдары жыл бойына, тіпті одан да көп уақыт көңіл бөлуді қажет етеді", - деді С. Мендес.

Бірақ режиссер "Бондиана" командасына болашақта оралуы мүмкін екенін де жоққа шығармайды. Ал продюсерлер Мендестің шешіміне құрметпен қарайтынын, түсіру алаңында онымен қашан да кездесуге әзір екендерін мәлімдеді. 

Еске сала кетелік, Сэм Мендес түсірген "Скайфолл" бүкіл франшиза ішіндегі ең табысты фильм болды. 23-ші эпизод әлемдік прокаттан 1,1 миллиард доллардан астам пайда түсірді.

 

Дереккөз: kinonews.ru

Фотосурет: independent.co.uk

Пікірлер