• Біздің парақшалар:

Ребекка Холл мен Джонни Депп бір жобада

Басты рөлде Джонни Депп ойнайтын "Transcendence" ("Артықшылық") фантастикалық жобасының актерлік құрамына Ребекка Холл қосылды. Бұл жайында Comingsoon басылымы хабарлайды.

Сюжетте саналы компьютер жасау туралы сөз болады. Депптің кейіпкері - Уилл есімді ғалым. Ол оқыс оқиғадан қайтыс болғаннан кейін, оның миындағы сана-сезімі компьютерге жүктеледі. Сөйтіп өздігінен адамша ойлап, шешім қабылдай алатын алғаш машина жасалады.

Фильмнің түсірілімі биыл сәуірде басталмақ. Премьерасы 2014 жылдың сәуір айына жоспарланған. 

Картинаны Уолли Фистер түсіреді. Бұл оның алғашқы режиссерлік жұмысы болмақ. Осыған дейін ол Кристофер Ноланның фильмдерінде қоюшы-оператор қызметін атқарып келген еді. Кристофер Ноланның өзі жобаға продюсерлік етеді деп айтылуда.

 

Фотосурет: wikimedia.org; Сreative Сommons лицензиясы

Пікірлер