• Біздің парақшалар:

Стивен Спилберг Наполеон туралы сериал түсіреді

Стивен Спилберг

Стивен Спилберг Наполеон Бонапартқа арналған жобаны қолға алмақ. Стэнли Кубриктің сценариі бойынша түсірілетін жоба телевизиялық сериал болады деп отыр.

Жан Огюст Доминик Энгр, "Наполеон император тағында" / wikimedia.org

Марқұм киногер бұл сценарийді 1961 жылы жазған екен. Кубрик кезінде телесериал үшін зерттеу жұмыстарын жүргізіп, көптеген материалдар жинақтаған. Бірақ тележоба іске аспай қалды, оны студиялар тым қымбатқа шығады деп қабылдамапты.

Спилберг аталған жобадан мини-сериал жасамақ. Түсірілу мерзімі мен қашан жарық көретіні әзірге белгісіз.

 

Дереккөз: lenta.ru

Пікірлер