• Біздің парақшалар:

Голливудтың екі туындысы қазақша дубляждалады

4fcd17cad76a9b553f3f32175c4a3f12

Голливудтың "The Lone Ranger" ("Одинокий рейнджер") және "Monsters University" ("Университет монстров") туындылары қазақ тіліне дубляждалады. Бұл бастаманы "Болашақ" қауымдастығы қолға алып отыр. Қазір аталған картиналарды дубляждайтын актерлерге іріктеу жүргізіліп, фильмдердің балама атауын қазақшаға бейімдеу жұмыстары жүріп жатыр.

Атауды таңдау кезінде түпнұсқа атау өзге тілдерге қалай аударылғаны ескеріліп, филологтардың кеңесіне назар аударылады, әлеуметтік желілерде сауалнамалар жүргізіледі. "Болашақ" өкілдері фильм атауы қысқа да ұғынықты болуына басты назар аударады. Қазір нұсқалардың бірі ретінде "Құбыжықтар университеті" және "Жеке батыр" деген атаулар қарастылырып отыр.

ebd7f66e9b29f7a619f4429385efdddd

"Monsters University" ("Университет монстров") - 2001 жылы жарық көрген "Құбыжықтар корпорациясы" мультфильмінің приквелі. Анимациялық фильмде басты кейіпкерлердің алғаш қалай кездескені, олардың қалай кәсіби бала қорқытушы болғандары туралы ертеректегі оқиға баяндалады. Мультфильм Қазақстан кинотеатрларына биыл 20 маусымда шығады деп жоспарланған.

ff8526dcd6cdcd58e9428179f86f319e

Гор Вербинскидің "The Lone Ranger" ("Одинокий рейнджер") фильмі - вестерн бағытындағы қызық оқиғалы боевик. Онда басты рөлдерді Джонни ДеппАрми ХаммерХелена Бонем Картер секілді танымал жұлдыздар сомдайды. Картина Қазақстан прокатына биыл 4 шілдеде шығуы тиіс.

Джонни Деппті қазақша сөйлететін актер алдағы уақытта оның тұрақты дублері болып қалады делініп отыр. Қазақ тіліне дубляждайтын актерлер сәуір-мамыр айларында бекітілмек.

Еске сала кетелік, осыған дейін Голливудтың "Көліктер 2", "Қара киімділер 3", "Жаңа Өрмекші адам", "Батыл жүрек" туындылары қазақ тіліне аударылған болатын.

 

Дереккөз: bolashak.kz

Пікірлер

    • 123456
    • |
    • 3 наурыз 2013 03.03.2013
    • |
    • 16:15

    Казакша трейлерi бар ма?

    • qisyq
    • |
    • 3 наурыз 2013 03.03.2013
    • |
    • 18:32

    Әлі шыға қойған жоқ. Болса, саламмыз бірден.

    • |
    • 20 маусым 2013 20.06.2013
    • |
    • 20:48

    • |
    • 20 маусым 2013 20.06.2013
    • |
    • 20:49