• Біздің парақшалар:

Интернет-қарақшылықтың пайдасы бар

Дэвид Петрарка

Интернеттен сериалдарды қарақшылық жолмен көшіріп алу авторларға зиян әкелетіні ешкімге жасырын емес. Дегенмен бұл әрекеттің оң тұсы да бар екен. Мысалы, заңсыз таралым сол бағдарламаның танымал бола түсуіне де ықпал ете алады. 

"Тақтар ойыны" ("Game of Thrones") сериалының бірнеше бөлімін түсірген режиссер Дэвид Петрарканың айтуынша, Интернет-қарақшылық білгілі бір тележоба төңірегінде "мәдени шу" туғызып, көпшіліктің назарын аударуға себеп болады.

"Соның арқасында олар қазір дамып жатыр", - депті режиссер. Петрарка "олар" деп танымал сериалдарды айтып отырса керек.

Еске сала кетелік, "Тақтар ойыны" - 2012 жылдың ең көп жүктелген сериалы болды. Торрент-трекер қолданушылары аталған телесериалдың бір эпизодын 4,28 миллион рет жүктеп алған. Бірақ бұл оның көрілу және сатылу деңгейіне кері әсер еткен жоқ. Мысалы, сериалдың лицензиялық дисктерінің сатылымы былтыр 40 пайызға артқан.

 

Дереккөз: kinonews.ru

Фотосурет: boardwalkempire.wikia.com

Пікірлер