• Біздің парақшалар:

Олимпиада-1980 чемпионы Жақсылық Үшкемпіров туралы фильм шықты

"Қазақфильм" киностудиясы «Жақсылық» көркем фильмін таныстырды. Байопик Қазақстанның Еңбек Ері, грек-рим күресінің палуаны, Әлем чемпионы, Олимпиада чемпионы, КСРО еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы – Жақсылық Үшкемпіровтің өмірі туралы баяндайды.

Кинотуындының қоюшы режиссері әрі сценарий авторы – Бақыт Қайырбеков. Жобаны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ және Mergen studio компаниясы өндірген. 

Жақсылық Үшкемпіровтың жастық шағы мен ер жеткен кезін Эльнар Назарқұл, Санұржан Сүлейменов және театр актері Олжас Сақ сомдады. Ал 60 жастағы спортшының рөлінҚазақстанның халық артисі, Жезқазған театрының актері Досжан Жанботаев орындаған.

Спорттық драманың түсірілімдері Өскеменде, Алматыда және Алматы облысында жүргізілді. 1980 жылы Мәскеуде өткен Олимпиада ойындарының сахналары Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт сарайында, сондай-ақ Минскідегі (Беларусь Республикасы) «Динамо» стадионында түсірілді. Ал спортшыларға арналған Олимпиада ауылын көрсету үшін түсірілімдер Беларустегі «Стайки» республикалық олимпиадалық даярлау орталығында өткізілді.

Пікірлер