• Біздің парақшалар:

Кристофер Ноланның құпия жобасының трейлері шықты

Кристофер Ноланның құпия жобасының алғашқы трейлері жарияланды. Басты рөлдерде Джон Дэвид Вашингтон мен Роберт Паттинсон

Фильмнің түпнұсқа атауы - "Tenet", орысша дубляжда "Довод" деген атпен шығады. Бір қызығы - атау екі тілде де визуалдық тұрғыда қызық формада берілген. Сөздің алғашқы буыны - "Te" дұрыс жазылған да, екінші буындағы "et" төңкеріліп жазылған. Ортадағы "n" әрпі екі қарама-қайшылықты бөлуші символ рөлінде деуге болады. Орысша локализацияланған атауда да дәл осы принцип қолданылады.

"Tenet" - қазақша "уәж", "дәлел" деген мағына береді. Фильмнің сюжетіне қатысты ештеңе айтылмайды. Роликтегі кадрлар арқылы "Интерстеллар" фильміндегідей тағы да уақыт пен кеңістік манипуляциясы басты құралға айналатынын байқауға болады.

Жоба халықаралық статусқа ие - түсірілімі жеті елде жүрді. Премьерасы 2020 жылы 16 шілдеге жоспарланған.

Пікірлер