• Біздің парақшалар:

Әділхан Ержанов жаңа жобасын "Қазақфильммен" бірігіп түсіреді

Отандық режиссер Әділхан Ержанов жаңа жобасын "Қазақфильм" киностудиясымен бірігіп түсіреді. "Адемоканың оқуы" / "Обучение Адемоки" деп аталатын картинаның түсірілімі 2020 жылы сәуірде басталады.

Фильм Адемока есімді кішкентай мигрант қыз туралы баяндайды. Ол оқығысы келеді, бірақ азаматтығы жоқ. Сол себепті оны ешбір елде мектепке алмайды. Тек Қазақстанда ғана оған мүмкіндік беріледі. Қарапайым мұғалім оның оқуына көңіл бөледі. 

Картинаның көтерген негізгі тақырыбы - адамгершілік пен ізгілік. Жобаға Алмат Мәсәлім продюсер болады, операторы - Азамат Дулатов. Әзірге актерлік құрам түпкілікті бекітілген жоқ.

Әділхан Ержанов биыл ерекше белсенділік танытты. "Атбайдың шайқасы" және "Қап-қара адам" деген екі картинаны жарыққа шығарып, біраз кинофестивалге қатысты. "Қап-қара адам" фильмі үшін "Asia Pacific Screen Awards-2019" киносыйлығының "Үздік режиссер" номинациясын жеңіп алды.

Пікірлер