• Біздің парақшалар:

Жаңа трейлерлер: "Ғажап әйел 1984" пен "Жыл аулаушылар 2020"

DC комикстеріне негізделген "Ғажап әйел 1984" ("Wonder Woman 1984") блокбастерінің алғашқы трейлері жарияланды. DC кеңейтілген киноғаламына кіретін бұл фильм 2017 жылы шыққан бірінші бөлімнің оқиғасын әрі өрбітеді.

Фильм сюжеті 1980 жылдардың ортасында өтеді. Максвелл Лорд (Педро Паскаль) есімді бизнесмен ерекше күш беретін сиқырлы артефактіні іздейді. Ол Барбара Энн Минерва (Кристен Уиг) есімді археологпен танысып, мақсатқа жетуге көмек сұрайды. Артефактілердің бірі Минерваны Гепардаға айналдырып жібереді де, бұған ашуланған әйел Максвеллден өш алмақшы болады. Ол Диана Принстен (Галь Гадот) көмек сұрауға мәжбүр болады. Есесіне бизнесмен оған ғашығы Стив Треворды (Крис Пайн) тірілтіп беруге дайын.

Екінші бөлімді де Пэтти Дженкинс түсірді. Сиквелдің премьерасы 2020 жылы маусымға жоспарланған.

"Жыл аулаушылар: О дүние" ("Ghostbusters: Afterlife") - 1980 жылдары шыққан атақты фантастикалық дилогияның жалғасы.

Жаңа фильмнің сюжеті жаңа да жас команданың төңірегінде өрбісе де, түпнұсқадағы Билл МюррейДэн ЭйкройдЭрни ХадсонСигурни УиверЭнни Поттс сынды жұлдыздар қатысады. Сондай-ақ Marvel киноғаламында Құмырсқа-адам рөлімен белгілі Пол Радд басты рөлдердің бірін ойнайды.

Фильмге Джейсон Райтман ("Талли") режиссер болды. Премьерасы 2020 жылы шілдеде.

Еске салайық, 2016 жылы "Жын аулаушылардың" әйелдерден құралған нұсқасы шыққан еді, алайда фильмнің прокатта жолы бола қоймады. 

Пікірлер