• Біздің парақшалар:

Алматыда VIII студенттік және дебюттік халықаралық «Бастау» кинофестивалі аяқталды

VIII «Бастау» халықаралық студенттік және дебюттік фильмдер фестивалі аяқталды. Биыл алғаш рет қысқаметражды фильмдермен (Bastau Shorts) қатар дебюттік толықметражды (Bastau Debuts) картиналар да бақ сынады. Аталған бағдарламаға Еуропа елдері, жақын және алыс шетелден ондаған толықметражды фильм қатысқан. 

Bastau Debuts толықметражды дебюттік фильмдер байқауында Оңтүстік Корея режиссері Чон Сын-оның «Қабірлерді қозғау» үздік фильм үшін берілетін Гран-приді жеңіп алды. 

Ал осы бағдарламаның басқа номинацияларында мыналар жеңімпаз болды:

Үздік режиссура: «Ыңырсу» (режиссері Доминик Сангма, Үндістан, Қытай);

Қазылардың арнайы жүлдесі: «Мәриам» (режиссері Шәрипа Оразбаева, Қазақстан);

Үздік ер адам ролі үшін жүлдесі: үлестірілмеді;

Үздік әйел адам ролі:

 «Көңілден кеткен», актриса Юдита Франкович, режиссері Миха Маззини (Словения, Хорватия, Сербия);

 «Пәк қыздар», актриса Джой Ригер (режиссері Керен Бен Рафаэль, Израиль, Франция, Бельгия);

Қазылардың арнайы аталымы: «Бәрі де анам үшін» (режиссері Малгожата Имельска, Польша). 

Биыл Bastau Shorts қысқаметражды фильмдер байқауына қатысуға өтінім жолдаған ұсынымдар былтырғыға қарағанда көп келіп түсті. Әлемнің 44 елінен 360 картина қатысқан. Аталған байқаудың жүлделері былайша үлестірілді:

Үздік қысқаметражды деректі фильм: «Ауыл күйі», режиссері Әсел Сыдықова (Қырғызстан);

Үздік қысқаметражды анимациялық фильм: «Ақыры драмаға толы», режиссері Кериха Арнэ (Латвия);

Үздік қысқаметражды көркем фильм: «Сатушы», режиссері Сречита Дас (Үндістан);

Қазілар алқасының арнайы жүлдесі: «Дипломмен ауылға», режиссері Самғар Рахым (Қазақстан).

Студенттік байқаудың қазылары режиссер Лаура Тамошюнайтенің (Литва) «Бақыт жанымнан өтіп бара жатқанда ұйықтап жатқам» фильмін үздік қысқаметражды фильм деп танып, Гран-приді берді.

Ал қазылардың арнайы жүлдесі Мартинс Гаусиштің «Көжек» (Латвия) фильміне бұйырды. 

Айта кетелік, «Бастау» кинофестивалінде биыл сонымен қатар жаңа бағдарлама Bastau Docs - әлемнің үздік деректі фильмдеріне арналған бағдарлама ашылған болатын. Бағдарлама шеңберінде  10 елден (Иран, Қазақстан, Ресей, Норвегия, Қырғызстан, Тәжікстан, Грузия, Армения, Польша, Беларусь10 деректі фильм көрсетілді. Бағдарламаны ТМД елдері, Балтика және Скандинавия елдеріне Multimedia Promotion кинокомпаниясының Швециядағы, фильмдерді дистрибуциялау мен сатып алу жөніндегі директоры Борис Шульман жүргізді. 

Ораз Әбішев атындағы жүлде екі бірдей картинаға табысталды. Бірі үздік деректі фильм деп танылған Армения режиссері Арсен Аракелянға «Айна арқылы» фильміне берілсе, екіншісі студенттік кино бағдарламасына қатысқан режиссер Камилла Бердімұратованың «Тақсыр» атты деректі фильмі үшін берілді.

Пікірлер