• Біздің парақшалар:

"Өлуге уақыт жоқ": Джеймс Бонд туралы 25 фильмнің алғашқы трейлері

Джеймс Бонд туралы 25 фильмнің алғашқы трейлері шықты. "Өлуге уақыт жоқ" ("In No Time To Die") деп аталатын эпизодты Кэри Фукунага түсірді.

Сюжет бойынша агент 007 қызметтен кетіп, Ямайкада тыныш өмір кешіп жүреді. Бірақ ескі досы Феликс Ляйтер байланысқа шығып, көмек сұрайды. Ол әлдекімдер ұстап алып кеткен ғалымды құтқаруы керек. Бонд жаңа технологиялармен жарақтанған құпия зұлымның соңына түседі.

Басты рөлде тағы да Дэниэл Крэйг, бірақ бұл оның франшизада соңғы көрінуі деп мәлімделді. Одан бөлек актерлік құрамда Леа СейдуРэйф ФайнсБен УишоуНаоми УоттсРори КиннерКристоф Вальц секілді актерлер бар. Сондай-ақ фильмде жаңа агент 007 пайда болады. Бұл рөлді Лашана Линч ойнайды. Ал басты зұлым рөлінде Рами Малекті көреміз.

"Өлуге уақыт жоқ" прокатқа 2020 жылы сәуірде шығады.

Пікірлер