• Біздің парақшалар:

Қара Жесір туралы фильмнің алғашқы трейлері

"Қара Жесір" ("Black Widow") блокбастерінің алғашқы тизер-трейлері жарияланды. Marvel киноғаламына кіретін және шпион қыз Наташа Романофф туралы баяндайтын фильмді "Берлин синдром" ("Berlin Syndrome") триллерінің режиссері Кейт Шортланд түсірді.

Сюжеті "Капитан Америка: Азамат соғысы" фильміндегі оқиғалардан кейін өрбиді. Қара Жесірдің пайда болуына себепші болған "Қызыл бөлме" бағдарламасының өкілдері тағы пайда болады. Наташа олардан түпкілікті құтылмақшы.

Басты рөлде Скарлетт Йоханссон ойнайды. Одан бөлек Рэйчел Вайс, О.Т. Фагбенли, Рэй УинстонФлоренс Пью және Дэвид Харбор бар. Соңғы аталған актер Қызыл Сақшы есімді совет суперқаһарманын ойнайды.

"Қара Жесір" 2020 сәуірде шығады.

Пікірлер