Жаңа трейлерлер: Скорсезенің "Ирланды" мен Мендестің "1917"-і
"Ирланд" ("The Irishman") - Мартин Скорсезенің соңғы бірнеше жылдан бері айналысып келе жатқан салмақты жобасы. Басты рөлдерде: Роберт Де Ниро, Аль Пачино, Бобби Каннавале, Анна Пэкуин, Джо Пеши, Харви Кейтель, т.б.
Фильм Чарльз Брэндтің киллер өміріне арналған "Сізді үй сырлайды деп естідім" ("I Heard You Paint Houses") деген кітабына негізделеді.
Фильмнің әлемдік премьерасы New York Film Festival аясында 2019 жылы 27 қыркүйекке белгіленген. Кейін кинотеатрларда шектеулі прокаты болады, ал негізгі релизі жыл соңына дейін Netflix стриминг сервисі арқылы іске асады.
Өндіріс барысында Роберт Де Ниро мен Аль Пачиноның келбеті компьютерлік графика арқылы біраз жасартылған. Бұл бюджет шығындарына да әсер етті. Жобаның өндірістік бюджеті 160-200 млн доллар деген болжам бар.
"1917" - ағылшын режиссері Сэм Мендестің жаңа жұмысы. Басты рөлдерде: Ричард Мэдден, Бенедикт Камбербэтч, Марк Стронг, Колин Ферт, Эндрю Скотт, т.б.
Фильм оқиғасы Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде өрбиді. Екі жауынгерге жедел хабар жеткізу тапсырылады. Бұл хабар катастрофаға әкелетін шабуылдың алдын алуы тиіс.
Фильм премьерасы 2019 жылдың соңына қарай өтеді. Ал Қазақстан көрермендеріне 2020 жылы ақпанда жетеді.
Пікірлер