«Қазақфильмнің» 12 картинасы XV Халықаралық «Еуразия» кинофестиваліне қатысады
2019 жылы 29 маусым 6 шілде аралығында Нұр–Сұлтан қаласында өтетін XV Халықаралық «Еуразия» кинофестиваліне Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның 12 картинасы қатыспақ.
Барлық картина ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілген. Фестиваль ұйымдастырушысы - «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ (ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша). Фестиваль Президенті – танымал кинорежиссер, жазушы, Кинематографистер Одағының басқарма төрағасы Ермек Тұрсынов.
Рүстем Әбдірашовтың «Қазақ хандығы. Алтын тақ» фильмі фестивальді ашады.
Киностудия фильмдері фестивальдің әртүрлі бағдарламаларына енгізілген:
Негізгі байқау – Фархат Шәріповтің «Тұлғалық өсу тренингі» фильмі.
Деректі фильмдердің конкурстан тыс «Объектив» бағдарламасына – Берік Жахановтың «Ата кәсіп» фильмі.
«Ерекше оқиға» конкурстан тыс бағдарламасына - Жаңабек Жетіруовтың «Шыңырау» фильмі.
«Еуразия жүрегінен» қазақ кинематографиясының конкурстан тыс бағдарламасына киностудияның 8 картинасы кіреді:
- Реж. Ермек Тұрсыновтың «Шырақшы»/ Хранитель»
- Реж. Ақан Сатаевтың «Елбасы жолы. Астана»
- Реж. Бахыт Қайырбековтың «Огонь, мерцающий в сосуде»
- Реж. Нұргелді Садығұловтың «Балуан Шолақ»
- Реж. Азиз Заиров пен Мұхаммед Мамырбековтың «Қыз бен теңіз»
- Реж. Эмир Байгазиннің «Өзен» фильмі
- Реж. Ардак Әмірқұловтың «В Безмолвии» фильмі
- Реж. Хуат Ахметовтың «Әруақ» фильмі
Пікірлер