Британ киноакадемиясының "BAFTA 2019" жеңімпаздары белгілі болды
10 ақпанда Лондонда Британияның кино және телевизиялық өнер академиясының (BAFTA) 72 марапаттау шарасы өтті.
Британ киноакадемиясы 2018 жылдың үздіктері деп мыналарды атады:
- Үздік фильм: "Рома" / "Roma"
- Үздік британ фильмі: "Фаворит"
- Британ сценарийшісінің, режиссерінің немесе продюсерінің үздік дебюті: Майкл Пирс (сценарийші, режиссёр), Лорен Дарк (продюсер) — "Құбыжық" / "Beast"
- Шет тіліндегі үздік фильм: "Рома" / "Roma"
- Үздік деректі фильм: "Еркін жалғыз" / "Free Solo"
- Үздік анимациялық фильм: "Өрмекші-адам: Өрмекшілер әлемінде"
- Үздік режиссер: Альфонсо Куарон ("Рома" / "Roma")
- Үздік түпнұсқа сценарий: Дебора Дэвис, Тони МакНамара ("Фаворит")
- Үздік бейімделген сценарий: Спайк Ли, Чарли Вачтел, Дэвид Рабинович, Кевин Уиллмотт ("Қара нәсілді Ку-клукс-кландық")
- Үздік актриса: Оливия Колман ("Фаворит")
- Үздік актер: Рами Малек ("Богемия рапсодиясы")
- Екінші пландағы үздік актриса: Рэйчел Вайс ("Фаворит")
- Екінші пландағы үздік актер: Махершала Али ("Жасыл кітап")
- Үздік музыка: "Жұлдыз туды"
- Үздік операторлық жұмыс: Альфонсо Куарон ("Рома" / "Roma")
- Үздік монтаж: "Орынбасар" / "Vice"
- Үздік қоюшы-суретші: "Фаворит"
- Үздік костюм дизайны: "Фаворит"
- Үздік грим және шаш үлгісі: "Фаворит"
- Үздік дыбыс: "Богемия рапсодиясы"
- Үздік визуал эффектілер: "Қара Пантера"
- Үздік қысқаметраж анимациялық фильм: "Roughhouse"
- Үздік қысқаметраж фильм: "73 сиыр" / "73 Cows"
- Жаңадан пайда болған жұлдыз: Летишиа Райт
Жүлделер саны жағынан "Фаворит" және "Рома" фильмдері алда тұр. Біріншісінде жеті, екінші аталған картинада 4 марапат бар. Үшінші орында екі жүлде алған - "Богемия рапсодиясы".
Пікірлер