«Жалғыз жауқазын» сериалы шығады
«Хабар» арнасы алдағы аптада «Жалғыз жауқазын» деген драмасын эфирге шығарады. Басты рөлдерде ерлі-зайыптылар Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота-Нұр Сейтмағамбет ойнайды.
Сюжетте дәулетті отбасының жалғыз мұрагері Айсұлу есімді бойжеткен туралы баяндалады. Айсұлу өзінің тойы қарсаңында ата-анасының қазасына сүйген жігіті кінәлі екенін естіп, АХАЖ бөлімінен қашып кетеді. Айдалада жылап келе жатқан ол талдардың арасынан тастанды нәрестені тауып алады.
12 бөлімді мелодрама 11 ақпаннан бастап көрсетіледі.
Пікірлер