"Кек алушылар 4" фильмінің алғашқы трейлері шықты
Marvel студиясының "Кек алушылар 4" фильмінің алғашқы трейлері жарияланды. Роликте фильмнің атауы "Avengers: Endgame" деп көрсетілген (қазақша мағынасы - "Кек алушылар: Ойынның соңы").
Сюжетінің деталдары әзірге белгісіз. Трейлерде "Шексіздік соғысына" қатыспаған Қыран көз/Клинт Бартон мен Құмырсқа-адам/Скотт Лэнг көрсетіледі. Қыран көз садағын тастап, қолына басқа қару - қылыш алғанын көруге болады. Ал Құмырсқа-адам өзінің дербес фильмінде квант әлемінде қамалып қалған еді, "Кек алушыларда" оның біздің әлемге оралғанын көреміз.
"Avengers: Endgame" 2019 жылы 25 сәуірде шығады.
Ресми трейлер:
Пікірлер