14-ші Шәкен Айманов ХКФ жеңімпаздары белгілі болды
Алматы қаласында 14-ші Шәкен Айманов халықаралық кинофестивалінің жұмысы аяқталды. Жабылу рәсімі Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрында өтті.
Фестивалдің жеңімпаздары былайша анықталды:
«Жол түйісі» халықаралық конкурстық байқауда:
Үздік фильм үшін Гран-при – «Канделария» (Колумбия), режиссер Джонни Хендрикс Инестроса
Үздік режиссерлік жұмысы – Бенедикт Эрлингссон, «Соғыстағы әйел» (Исландия)
Қазылар алқасының арнайы сыйлығы – «Күнбағыс» (Қытай), режиссер Чжан Лопин
«Ата-бабалар мекені» түркі әлемі елдерінің конкурстық байқауында:
Үздік фильм үшін Гран-при – «Патша Құс» (Якутия, РФ), режиссер Эдуард Новиков
Үздік режиссерлік жұмыс – «Талан» (Қазақстан), режиссер Болат Калымбетов
Үздік сценарий жұмысы – «Шынар» (Түркия), режиссер Мустафа Карадениз
Қазылар алқасының арнайы сыйлығы – «Тұлғалық өсу дәрісі» (Қазақстан), режиссер Фархат Шәріпов
Үздік актриса – Феруза Саидова, «Әкем ауырып қалды» (Өзбекістан), режиссер Зульфикар Мусаков
Үздік актер – Акылбек Абдыкалыков, «Түнгі көлік апаты» (Қырғызстан), режиссер Темирбек Бирназаров
НЕТПАК арнайы жүлдесі – «Тұлғалық өсу дәрісі» (Қазақстан), режиссер Фархат Шәріпов
Әлемдік кинематографқа қосқан үлесі үшін арнайы жүлде – Сердар Гёкхан, актер (Түркия)
Биыл жаңа форматпен ұйымдастырылған 14-ші Шәкен Айманов халықаралық кинофестивалі 2018 жылғы 17-21 қараша аралығында өтті.
Дереккөз: Шәкен Айманов ХКФ баспасөз қызметі
Пікірлер