• Біздің парақшалар:

Төлеген Байтөкеновтың "Саташ" вестерні 25 қазанда шығады

Журналист, киносыншы Төлеген Байтөкеновтың "Саташ" картинасы Қазақстан прокатына 25 қазанда шығады. Ал халықаралық премьерасы 12 қазанда Варваша халықаралық кинофестивалінің аясында өтті.

Фильмде өркениеттен тыс қалған ауылдың бірінде учаскелік полицей ауылды басып алған қылмыскерлермен күреске түседі. Ұрланған құнды заттарға толы жүк көлігі осы ауылда сынып қалғандықтан, қылмыскерлер жүк қоймасын іздеп, осы ауылда тоқтауға мәжбүр болады. Олар екі күннің ішінде жерге көмілген бағалы жүктерін қазып алып, ешкімге зиян келтірмей ауылдан қашып кетуді көздейді. Алайда, қылмыскерлердің бұл жоспарлары іске аспай қалып, ауыл тұрғындарына күш жұмсайды... Тек ауылдың учаскелік полицейі қылмыскерлерге төтеп беріп, өзінің борышын соңына дейін өтейді.

Вестерн элементтері бар драмада Ақылхан Асылов, Дина ТасболатоваШыңғыс Капин, т.б. актерлер ойнайды. Жоба Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясында түсірілді.

Трейлер:

Пікірлер